Нұр-Сұлтанда жеке кәсіпкер түрмеге 8 телефон алып кірмек болды
Нұр-Сұлтанда жеке кәсіпкер түрмеге 8 телефон алып кірмек болды
330
оқылды
Жеке кәсіпкер Нұр-Сұлтан колониясына 8 телефон алып кірмек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz. Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесіне жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысты. Яғни, ол мекемеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алып келген бөшкенің ішіне 8 телефон, телефон қуаттағыш, sim-карталар, құлаққап және басқа заттарды жасырып, сотталған адамға кіргізбек болған.
– Бүгін біз мекемеде жазасын өтеушілердің қолына тыйым салынған заттардың түсуін алдын алып қана қоймай, жаңа қылмыстарды да болдырмаймыз. Мысалы, мекемеде жазасын өтеушілер ұялы телефон арқылы алдау, бопсалау деген сияқты көптеген қылмыс жасауы мүмкін, – деді департамент бастығы Д. Рақымбеков.
Аталған жайт бойынша Аршалы кентінің полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Қазір аталған тыйым салынған заттар қай сотталғанға әкелінгенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Анықталған жағдайда, ол азаматтар Қазақстан заңнамасына сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.