Қарағанды облысында жүк көлігі аударылды
Қарағанды облысында жүк көлігі аударылды
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан ерлі-зайыпты екі адам қаза тапты. 30 маусым күні сағат 15.45-те «Балқаш-Сарышаған» автожолында «DAF FT XF-105» жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болған. Полиция мәліметінше, жүк тартқыш көлік Балқаш қаласынан Сарышаған ауылына қарай жол тартқан. Кентке 50 шақырым жетпей 61 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, жол шетіне аударылып кеткен. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жұбайы) оқиға орнында қайтыс болды. Факт полицияда тіркеліп, процессуалдық шешім қабылданатын нәтиже бойынша тиісті сараптамалар тағайындалады»,– деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.