«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында Ұлан ауданында 2020-2022 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар талқыланды.
«Аталған кезеңде Ұлан ауданының 68 мемлекеттік мекемесі мен квазимемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның есебі аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды. Талдау барысында мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бекітілген кестеге сәйкес 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды облыс әкімі аппараты биылғы тамыз айында жүргізеді», – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов.Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы жүргізген талдауы бойынша, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілмеген.
«Мониторинг пен талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі олқылықтарды, сондай-ақ әкімдік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің әдістерін зерделеу, еститін мемлекет тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік атмосферасын іске асыру мақсатында жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықты жою бағыты бойынша ауылдық округтерде жұмыстың жүргізілуі әлсіз. Мониторинг барысында Ұлан ауданының Таврия ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстан олқылықтар байқалды», – дейді Қоғамдық кеңес жұмыс тобының жетекшісі Елена Березинская-Абилова.Кеңес отырысы қорытындысына сәйкес, ауданның мемлекеттік басқару органдары басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмеуіне байланысты кеңес мүшелері тарапынан ескерту жасалып, олқылықтарды түзетуге бір ай уақыт берілді.
Азат ҚАЗАҚ