Павлодарда қоқыс арасынан екі елтаңба табылды
Павлодарда қоқыс арасынан екі елтаңба табылды
476
оқылды
476
оқылды
Экологтар Мемлекеттік рәміздерді үйілген құрылыс қалдықтары арасынан тапты. Қазір полицейлер мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Pavlodarnews сайты. Ақпаратты тексеру үшін Павлодар қаласының ақпараттық және әлеуметтік даму бөлімі және Ішкі саясат бөлімі өкілдері бар жұмыс тобы оқиға орнына барған. Қоқыс полигоны алюминий зауытынан он шақырым жерде орналасқан болып шықты. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаған тәртіп бұзушыны іздестіріп жатыр.
"Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, Қылмыстық кодекстің 372-бабы "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша соталды тергеу басталды", – деді облыстық Полиция департаменті өкілдері.