Сегіз жасар баланы ток соқты

Сегіз жасар баланы ток соқты

Алматыда саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы ток соқты. Қазір ол ауруханада жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тоққа түсіп қалған 2014 жылы туған А. есімді бала жедел жәрдем бригадасымен орталық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, бірден күйік бөліміне жатқызды. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Протокол бойынша ем алып жатыр. Оқиға Алатау ауданында болған. 8 жасар бала жабдық­талмаған саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген кезде ток соққан. Алатау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ойын алаңқайын салу мәселесі бойын­ша жұмыс істеліп жатыр. «Саябақты «Бюджетке қаты­су» бағдарламасы бойынша жаңар­туды қарастырып жатыр­мыз. Талап бойынша комиссия қарап, шешім қабылдауы керек. Содан кейін тұрғындар ойын алаңын салу жобасына дауыс береді», –деді Алатау ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруа­шылық бөлімінің меңгерушісі Ертіс Бесіров.

А.ТҰМАР