Жағдайын біл жақынның
Жағдайын біл жақынның
511
оқылды
«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақ­тайық» жобасы аясында Қызылорда облысы Жа­ла­ғаш ауданында бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Осы орайда Аққұм ауылдық округінде «Жағдайын біл жа­­қынның» атты акция өтті. Оның мақсаты – ауылдағы ар­дагерлердің хал-жағдайын біліп, қажет уақытта көмек беру жол­дарын ұйымдастыру. Жалағаш аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фрак­циясының мүшесі Гүлжайна Айтжанқызы мейіргер Бағ­дат Үдербаймен бірге ауылдағы тыл және еңбек арда­гер­лерінің үйін аралап шықты. Ардагерлердің жағдайымен та­нысып, денсаулығын тексеріп, тиісті медициналық кеңес­терін берді.

Азат ҚАЗАҚ