«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бірқатар іс-шара атқарылып жатыр. Осы орайда Аққұм ауылдық округінде «Жағдайын біл жақынның» атты акция өтті. Оның мақсаты – ауылдағы ардагерлердің хал-жағдайын біліп, қажет уақытта көмек беру жолдарын ұйымдастыру. Жалағаш аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлжайна Айтжанқызы мейіргер Бағдат Үдербаймен бірге ауылдағы тыл және еңбек ардагерлерінің үйін аралап шықты. Ардагерлердің жағдайымен танысып, денсаулығын тексеріп, тиісті медициналық кеңестерін берді.
Азат ҚАЗАҚ