Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Әл-Фараби – әлем философиясының жарық жұлдызы

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 27, 2020
Мәдениет, Жаңалықтар, Қазақстан
Әл-Фараби – әлем философиясының жарық жұлдызы
194
қаралым

Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдығына арналған мерейтойдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлы ғұламаның атын иемденген дүниежүзіндегі жалғыз жоғары оқу орны Қазақ ұлттық университетінің Сту­дент­тер са­райында өткен шараға асқан жауапкершілікпен дайындық жүргізілгені аңғарылып тұрды.

Салтанатты ашылу рәсіміне БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да ха­лықаралық ұйымдардың, Қа­зақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық фара­битанушы ғалымдар қатысты. 50-ден астам мемлекеттен келген құрметті қонақтар әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамызға құрметі зор екенін білдірді.

Мерекелік жиынға қаты­су­шылар алдымен әл-Фараби ес­керткішіне гүл шоқтарын қойып, әл-Фараби орталығы-кі­тап­ха­насының ашылуына қатысты. Олар ғұлама ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысып, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдар көрмесін, Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентіне, Абай және Алаш қоз­ғалысының қайраткерлеріне арналған залдарды, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залын көрді.

Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Адамзатты «ақырзаман қаруынан» құтқарған ел

Жүрсіннің қалжың қалтасынан

Салтанатты жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев «әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, бүкіләлемдік өркениеттің рухани игілігі, ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы. Ол әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани да­муына теңдессіз үлес қос­ты. Сон­дықтан бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның атап өтілетін күнтізбелер аясында халықа­ралық ауқымда аталып өтеді. Әл-Фа­ра­бидің 1 150 жылдығын мереке­леу­дің басты мақсаты – ғалым мұ­расын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау. Әл-Фа­ра­бидің ғылыми мұрасы бүкілә­лемдік ғылым дамуының тарихи іргетасы және бастау көзі. Ұлы ойшылдың 160-тан астам трактат­та көрініс тапқан шы­ғарма­шы­лы­ғы ғылымның негізгі бағыттарын дамытуға ықпал етті», – деді.

Расында да, бала күнінен ғы­лымға құмар болған ғұлама алғашында Бұқара мен Са­мар­қанда, одан кейін Хамадан, Бағ­дат, Шам, Каир, Дамаск, Алек­сан­дрия, Мәдина, Мекке қала­ларында болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған. Ол бар өмірін ғылым мен білімге арнаған. Бізге жеткен мәліметтерге қарағанда 70-ке жуық тілді меңгерген. «Ке­меңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Ба­қыт­қа жету», «Азаматтық саясат», «Мем­лекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сынды көптеген фило­со­фиялық еңбек жазды. Бұл еңбек­терде дүние, қоғам, мем­ле­кет, адам­дардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар туралы баяндайды.

«Арада он бір ғасыр өтсе де, әл-Фараби ілімінің дәл қазіргі алмағайып заманда өте өзекті әрі қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Жер бетінде кемел әрі мінсіз қоғам орнатуды Платоннан бас­тап небір ойшылдар армандады және оның жолдарын іздеді. Со­лардың ізін жалғастырған Әбу Насыр әл-Фарабидің айтуынша, адамзат келеңсіздіктерді бол­дыр­маудың жалғыз жолы ол – қа­йырымдылық, қайырымды қо­ғам құру», – деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Әлем мойындаған ұлы ғұла­маның қазақ топырағында, орта ғасырдағы ғылым мен мәдениет­тің ордасына айналған Фараб қаласында туып, Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітап­ханадан алғаш рет білім нәрімен сусындауы біз үшін үлкен мақ­таныш. Әйтсе де, 70 тілді меңге­ріп, жер шарының түкпір-түк­пі­рінен ілім іздеген ғұламаны өзге­лердің де өзіне етене жақын тар­туы заңдылық. Әл-Фараби өз ғұ­мырында 200-ге жуық шығарма жазған. Соның 100-ге жуығы ғана бізге жеткен. Қазір оның филосо­фиялық шығармалары кеңінен зерттеліп жатыр. Салтанатты шара барысында ұлы ойшылдың шет тілдердегі туындыларын ту­ған жеріне қайтару, бұл жобаны іске асыруда жастарды кеңінен тарту туралы айтылды. Алдағы уақытта интерактивті карта жа­салып, обсерватория ішінен әл-Фараби бұрышын ашу да көзделіп отыр.

 

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

 
Тегтер: 1150 жылашылу рәсіміәл-Фарабимерейтойфилософия
Алдыңғы жаңалық

Неге Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан алып кетпей отыр?

Келесі жаңалық

Букмекерлік кеңсеге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды – Тараз

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
COVID-19

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 2021
сабақ
Жаңалықтар

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 2021
12
Қазақстан

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 2021
Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 10:45

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 10:15

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 09:47

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Наурыз 7, 09:19

Димаш Құдайберген «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын жеңіп алды

Наурыз 7, 00:05

Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

Наурыз 6, 22:44

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 22:02
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 2021
сабақ

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»