Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында үшауысымды мектептерді азайту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауданда екі мектеп бой көтеруде. Биыл Басқұдық ауылында салынып жатқан 600 орындық білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, партияның бақылауынан түскен емес. Осы мектеп құрылысымен танысу, жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының меңгерушісі Арыстан Хибасов, облыстық мәслихат депутаты Гүлнәра Тасболатова, Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Абзал Марат мониторинг жұмыстарын жүргізді. Басқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. «Альянс LDT» мекемесінің прорабы Сержан Нәренбаев құрылыс нысанының жұмысымен таныстырып, ауыл тұрғындары жаңа оқу жылында жаңа мектепте оқитынын жеткізді.
Азат ҚАЗАҚ