Көпір құрылысы – кеңес назарында

Көпір құрылысы – кеңес назарында

Бүгінде Тараз қаласындағы Жамбыл даңғылы бойындағы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің уақытша жабылуы бойын­ша тұрғындар тарапынан түсіп жатқан сұрақтарға байланысты «AMANAT» партиясының Жамбыл об­лыстық және Тараз қалалық филиал өкіл­дері, сондай-ақ Партиялық бақы­лау комиссиясының және Мемле­кет­тік басқаруды дамыту және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөнін­дегі қоғамдық кеңес мүшелері көпірге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыс­тары­мен танысты. Биылғы 28 маусымда басталған жөн­деу жұмыстарын «Строймонтаж GROUP» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігі қолға алған. Бұл іске 45 жұ­мысшы тартылған. Олар үш ауы­сым бойынша еңбек етіп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен танысу бары­сында мердігер компания бас­шы­лығы бұл шаруаны келісімшартта көр­сетілген мерзімнен ерте аяқтап, пай­далануға беруді жоспарлап отыр­ға­нын жеткізді. Партия мүшелері істің сапалы ат­қарылуы және көпірдің тиісті мер­зім­де пайдалануға берілуі қоғамдық кеңес мүшелерінің назарында болып, ал­дағы уақытта да жөндеу жұмыс­тары­на қоғамдық бақылау жүргізу жал­ғаса беретінін айтты.

Азат ҚАЗАҚ