Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды
Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды
387
оқылды
Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды. 1 шілдеде сағат 18-55-те Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайда патрульдеу кезінде құтқарушылар жағадан 250 метр қашықтықта 1997 жылы туған ер адамды құтқарды. Ол үрлемелі матрасқа отырып, жағадан алыстап кеткен. Сол күні сағат 19.00-де құтқарушылар жағалаудан 400 метр жерден тағы екі ер адамды құтқарды. 2000 жылы туған ер адамның аяғының сіңірі тартылып қалған. Енді бірі 1998 жылы туған азамат үрейге бой алдырып суға батып кете жаздады.