UFC турнирінде Адесанья Канноньені жеңіп, бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғады
UFC турнирінде Адесанья Канноньені жеңіп, бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғады
1,157
оқылды
Лас-Вегастағы T-Mobile аренада аралас жекпе-жектен UFC 276 турнирі өтті. Орта салмақта UFC ұйымының чемпионы Исраэль Адесанья (23-1) бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 32 жастағы Жаңа Зеландия өкілінің қарсыласы 38 жастағы америкалық Джаред Каннонир (15-6) болды. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер 49:46, 49:46, 50:45 есебімен Адесаньяға жеңісті берді. Бұл Адесаньяның ММА-дағы 23-жеңісі, ол бір рет қаға жеңілген, ал Канноньер 15 мәрте жеңіске жетіп, алтыншы рет жеңілді. Белгілі канадалық рэпер Дрейк орта салмақта UFC чемпионы Исраэль Адесаньяның жеңісіне бір миллион доллар бәс тіккен болатын.