Мысырда акула шабуылынан тағы бір әйел қаза тапты

акула

Мысырдың Хургада курорттық қаласында тағы бір әйел акула шабуылының құрбаны болды. Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға орын алған ауданда жағажайларға кіру уақытша шектелді. Бұл туралы Египеттің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Facebook желісінде хабарлады.

Министр Ясмин Фуад екі әйелге Сахли Хашиш курорттық аймағында акулалар шабуылдағанын айтты. Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мамандардан жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

«Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайғылы жағдайдың мән-жайын зерттеуге маманданған жұмыс тобы акуланың екі әйелге шабуылдауының нақты себептерін анықтау бойынша өз міндеттерін орындауда екенін растайды» делінген министрлік хабарламасында.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.