ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
549
оқылды
4 шілдеде Алматыда сынап бағаны 36 градусқа дейін көтерілетіні болжанады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД өкілдері ескерту жасады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан күн астында серуендеуден, ашық аспан астында физикалық тұрғыда белсенділік танытудан аулақ болу сұралады. Сондай-ақ  құтқарушылар дәрігердің ұсыныстарын дұрыс орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдау керегін еске салады. Аптап ыстық жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт алу қаупі бар адамдар үшін өте қауіпті.