Дәрігер кімге өрік жеуге болмайтынын айтты
Дәрігер кімге өрік жеуге болмайтынын айтты
1,234
оқылды
Диетолог Михаил Гинзбург өріктің құрамында көптеген дәрумен, аминқышқылдары және антиоксидантты заттар бар екенін айтады,  – деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazeta.ru-ға берген сұхбатында медицина ғылымдарының докторы бұл жемісті үнемі тұтыну ағзаның барлық жүйесі мен органдары жұмысына оң әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Ол ас қорытуды жақсартатын және иммундық жүйені қолдайтын өсімдік талшықтарына бай.
"Тіпті, өріктің сыртқы қабығы да айтарлықтай зиян келтірмейді, егер адамда созылмалы аурулар немесе асқазанның қабынуы деген болмаса, ондайда өрікті қабығымен жей беруге болады", – деді дәрігер.
Алайда егер адамның аллергиясы болса, онда бұл жемістен бас тартқан дұрыс, сонымен қатар метаболизм проблемалары бар адамдар да өрік жемегені абзал.
Егер адамда артық салмақ болса, онда тәтті жемістерді асыра жеуге болмайды, бірақ көкөністерді тұтынған дұрыс,–  деп ескертеді диетолог.