Нүкіс – Бейнеу бағытындағы пойыз уақытша тоқтатылды
Нүкіс – Бейнеу бағытындағы пойыз уақытша тоқтатылды
Фото: uz.sputniknews.ru
Өзбекстаннан Қазақстанға келетін пойыз уақытша тоқтатылды, – деп жазады sputnik.kz. Қарақалпақстан автономиялық республикасының астанасы Нүкістен Бейнеуге келетін пойыз техникалық себептермен жексенбі күні тоқтатылды. Бұл туралы «Узтемирйулувчи» («Өзбек темір жолдары» АҚ құрамына кіреді) компаниясының баспасөз қызметі хабарлаған.
«3 шілдеде «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» бағыты бойынша жүретін 647/648 халықаралық жолаушылар пойызы техникалық себептер бойынша бір рейс жүрмейді» делінген компанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
Нүкіс – Бейнеу пойызы аптасына үш рет жүреді. Аталған елді мекендер арасындағы теміржол бойынша қашықтық шамамен 530 шақырым, жол жүру уақыты – 14 сағат.