Абаев Елбасы мемлекеттік стипендиясының атауын өзгертпек  
Абаев Елбасы мемлекеттік стипендиясының атауын өзгертпек  
Фото: esquire.kz
1,133
оқылды
Бұдан былай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік стипендиясының» атауы өзгермек. Стипендияның атауын өзгерту туралы ұсынысты халық талқылау үшін Мәдениет және спорт министрлігі ұсынып отыр. Жоба «Ашық НҚА» сайтында қоғамда талқылау үшін ресми түрде жарияланды. Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген құжатқа қарағанда, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» деген Жарлықты «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертпек. Қоғамдық талқылауға 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін ой-пікіріңізді айтып, атсалысуға болады. Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белтемірге тартылып, көпшілікті таңғалдырғанын жазған болатынбыз.