Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті
Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті
Фото: minglecity.com
606
оқылды
Алматы қаласы «сары аймаққа» өтті.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті.
«4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары аймаққа» өтті. Қазір қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулыны даярлау үстінде. Қаулыда барлығы жазылады. Осы орайда біз әр азаматты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз», –  деді Ержан Байтанаев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.
Оның айтуынша, бүгінде коронавирусқа шалдыққан азаматтардың 80 пайызы вакцина алмаған.
«Қазақстандықтарды өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында вакцина алудың барлық процесінен өтуге шұғыл түрде шақырамыз. Бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыра түсу үшін де маңызды», – дейді ол.
Бұған дейін Қазақстан «сары аймаққа» өтсе, Үкімет қандай шаралар қолға алынатыны туралы хабарлаған еді.