Спорт кешені құрылысымен танысты
Спорт кешені құрылысымен танысты
361
оқылды
«AMANAT» партиясы фрак­цияларының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Бекқали Торғаев пен Артур Платонов Алматы қаласының «Жас Қанат» шағынау­да­нында салынып жатқан дене­шынықтыру-сауықтыру ке­шенінің құрылысымен та­нысты. Бұл іс-шараға қаланың Құ­рылыс басқармасы басшысы Бейбіт Шаханов, қалалық мәслихат депутаты Максим Финогенов, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Айдос Бекетаев, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының атқарушы хатшысы Серікболсын Сарыбаев және мер­дігер ұйымдар қатысты. Құрылыс барысымен таныс­тырған басқарма мен мердігер компания өкілдеріне Мәжіліс депутаттары әлеуметтік маңызы бар нысанның тез арада бітуі және сапалы жүргізілу керектігі туралы ұсынымдар берді. Нысан құрылысы аяқталғанда онда бір ауысымда 150-ге жуық адам спортпен шұғылдана ала­ды.

Азат ҚАЗАҚ