Құраманың кезекті жеңісі
Құраманың кезекті жеңісі
Баскетболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде жеңіске қол жеткізді. Рустам Мырза­ғалиев бастаған баскетболшылар Иран елінің ұлттық құрамасын 68:60 есебімен жеңіп, өз тобында бесінші жеңіске қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында ойынның үздік ойыншысы 26 ұпай жинаған Рустам Мырзағалиев болды. Осылай­ша, Қазақстан құрамасы Аустралия аймағының алғашқы іріктеу кезеңінде D тобында жеке-дара көш бастап тұр. Топтық кезеңнің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Сирия баскетбол­шыларына қарсы шығады. Ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді деп жоспарланған.