Кеше 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базасында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ – шамамен 1000-нан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар да көмектесіп жатыр. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталуда. Демалушылар өздігінен демалыс базасындағы үйлерден қайтып жатыр. https://youtu.be/v3MvGVT-P28 Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алды. Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника бара жатыр.