Алакөлдің жағалауындағы өрт сөндірілді – видео
Алакөлдің жағалауындағы өрт сөндірілді – видео
Фото: Видеодан скриншот
292
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алакөлдің жағалауындағы өрт 5 шілдеде 05 сағат 40 минутта сөндірілді. Өрт шамамен 3000 шаршы метр аумақты шарпыған. Төрт демалыс базасы зардап шекті. Өрт орнында ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне таралды. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге атсалысқан жергілікті тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөнді. 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Өрттің шығу себебін жедел штаб тексеруден соң анықтайды.