Полиция Тұңғыш Президент саябағында жүгері сатып отырған екі әйелді жауапқа тартты – видео

Полиция Тұңғыш Президент саябағында жүгері сатып отырған екі әйелді жауапқа тартты – видео

Алматы қаласында Тұңғыш Президент саябағы маңында жанжалдасқан екі әйел жазаланды. Әлеуметтік желіде Тұңғыш Президент саябағы маңында екі әйелдің төбелескен видеосы тарады.

«Жүгері сататын әйелдер адамдарды балағаттап отырады. Бір қыз жүгері сатып жүрген. Оны қуып жіберді. Ол жерден барлық бәсекелесін қуып жібереді. Тұраққа қарай кеткен әйелдің соңынан барып, төбелесті. Араша түскен ер адамдарды да ұрды», – дейді куәгерлер.
Оқиғаның жай-жапсары туралы Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір білдіріп, екі әйелдің ұсталғанын айтты. «Екеуі де ұсталды. Тексеруді аяқтадық. Тәртіп бұзған 1968 жылы туған азамат С. және 1975 жылы туған С. ӘҚБтК-нің 434-бабында («Ұсақ бұзақылық») көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылды», – деді ол.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Бұған дейін де Тұңғыш Президент саябағында жүгері сатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған болатынбыз.