Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті
Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті
Фото: astrakhan-news.net
Шымкентте 6 жасар бала бассейнге ата-анасымен бірге суға түсуге келген. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға Қаратау ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі, Шанин көшесі бойында орналасқан бассейнде болған. Қараусыз қалған бала абайсызда суға құлап кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Құтқарушылар бассейнге келген ата-аналарға балаларға бас-көз болу керегін ескертті.