Нұрлан Әбдіров Президентке сайлау жүйесін жетілдіру туралы айтты

Нұрлан Әбдіров Президентке сайлау жүйесін жетілдіру туралы айтты

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары туралы есеп берді. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмысы мен Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндады.