Алматыда азаматтарды тәртіпсіздік пен зорлық жасауға шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі бойынша жазаланды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті сенімсіз дереккөздерден тараған ақпаратқа сенбей, арандатуға ермеуге шақырады", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.