Танымал кәсіпкер 7 жылға сотталды
Танымал кәсіпкер 7 жылға сотталды
Фото: tengrinews.kz
1,770
оқылды
Parmigiano Group компаниясын басқарған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды. Ол былтыр шілде айында қамауға алынған болатын. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Inform.kz-тің жазуынша, Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты Esentai City-де жылжымайтын мүлікті сатып алушыға тиесілі 418 640 000 теңгені меншіктеп алу ісі бойынша үкім шығарды. «Алмас Әбдіғаппаров өзгенің аса ірі көлемдегі мүлкін меншіктеп алғаны үшін айыпты деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда 7 жыл өтейді. Сондай-ақ оған қаржылық ұйымдарда 5 жыл бойы басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынады» делінген соттың хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.