Ақмола облысында бір отбасын өзен ағысы алып кетті
Ақмола облысында бір отбасын өзен ағысы алып кетті
© top68.ru
886
оқылды
Ақмола облысында өзен ағысы алып кеткен әке мен қызы құтқарылды, – деп хабарлады облыстық ТЖД. Оқиға «Сарыоба» демалыс орнының маңындағы рұқсат етілмеген жағажайда болған. Екі отбасының бір топ адамы өзен маңында демалған. 2 кәмелет жасына толмаған бала суға түскен. Үрмелі дөңгелекпен суға түскен 14 жасар қызды қатты жел жағалаудан ұшырып алып кеткен. Бұны байқаған әкесі де үрмелі дөңгелек алып, қызын құтқармақ болған. Алайда жел оны басқа жаққа алып кеткен.
«Сарыоба» демалыс орнының маңында 5 қоғамдық құтқарушы мен моторлы қайық бар. Олар хабар түскен сәтте моторлы қайықпен құтқару жұмысына кіріскен. Алайда техниалық себепке байланысты қайық жолда сөніп қалған. Қоғамдық құтқарушылар әке мен қызын бинокль арқылы бақылап отырған», – деп хабарлады ТЖД.
Куәгерлер қызды құтқара алмаған соң 112-ге хабарласып, болған оқиға туралы айтқан. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан жедел құтқару жасағы келген.
«Бірінші болып 1970 жылғы ер адам, 13 минуттан соң жағалаудан 3 шақырым жерде болған 14 жасар қыз құтқарылды. Қазіргі уақытта ағын алып кеткендердің жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес», – делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=lPeUTpu8hGo&t=159s