ТЖД лауазымды қызметкері елордадағы стадионды жарамсыз деп тану үшін 5 миллион теңге пара алған
ТЖД лауазымды қызметкері елордадағы стадионды жарамсыз деп тану үшін 5 миллион теңге пара алған
© Sputnik / Болат Шайхинов
535
оқылды
Елордадағы орталық стадионды жарамсыз деп тану үшін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен тергеу басталды, – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«Антикоррупциялық қызметі Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», – делінген ақпаратта.
Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.