Қай өңірлерді су басуы мүмкін?
Қай өңірлерді су басуы мүмкін?
© 24.kz
185
оқылды
Алдағы көктемде еліміздің алты облысындағы елді мекендер тасқыннан зардап шегуі мүмкін. Су басу қаупі, әсіресе солтүстік, орталық және шығыс аймақтарға төніп тұр, - деп хабарлады 24.kz. Бұл жөнінде бүгін Мәжіліс қабырғасында айтылды. Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында төтенше жағдайға дайындық барысы талқыланды. Сала мамандары қазірден бастап алдын алу шараларын ұйымдастыруға кіріскен. 2017-2021 жылдарға арналған жол картасы бар. Соның аясында бөгеттер салынып, өзен арналары бекітілген. Мыңнан аса елдімекеннің қауіпсіздігі күшейтілді. Соның өзінде әлі алаңдаушылық тудыратын ауылдар өте көп. Бұған қоса 700-ге жуық автожол және 200-ге жуық теміржол учаскесі де қызыл судың астында қалуы мүмкін дейді мамандар.
"Көктемгі су тасқынына қазірден бастап дайындалып жатырмыз. Біздің мамандар шұғыл алдын алу шараларын ұйымдастырып, төтеше жағдай кезінде тиісті көмекті көрсете алады. Биыл қардың тым көп түскені белгілі. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар оны толық тазалап, арнайы орындарға шығарып тастау керек. Ал біз су шаруашылығына жауапты кәсіпорынмен бірге су өткізу нысандарын реттеумен айналысамыз", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.