ЕҰУ студенті Азия чемпионатында үш бірдей медальді жеңіп алды
ЕҰУ студенті Азия чемпионатында үш бірдей медальді жеңіп алды
Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Әлемдік додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Сағина Мұратқызы үш жүлдені жеңіп алды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті жеке біріншілікте және топтық жаттығуларда өнер көрсетті. Сағина 5 құрсаумен топтық жаттығуларда Азия чемпионы атанса, құрама сапындағы командалық көпсайыста күміс медальмен және көпсайыста қола медальмен марапатталды. Паттайя қаласындағы әлемдік жарысқа Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және т.б. елдердің спортшылары өзара бақ сынады. Бүгінде дарынды гимнаст ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы 4 жастан бастап гимнастикамен айналысады. Сағина 2017 жылдың маусым айында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды. Сағина ҚР құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Инна Быстрицкаяның жетекшілігімен жаттығады.