Министрлер қайтадан маскаларын тағып алды
Министрлер қайтадан маскаларын тағып алды
1,995
оқылды
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті үкімет отырысы өткен болатын. Қазақстандық министрлер жиынға көп уақыттан бері алғаш рет бетперде тағып келді. Айта кетейік, соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте еліміз бойынша 187 жаңа дерек тіркелді. Ауырғандардың көп бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тұрады. Бір ғана тәуілкте елордада 37 жаңа дерек, ал Алматыда 112 жаңа дерек тіркелді.