Үйсіздерге үміт сыйламақ
Үйсіздерге үміт сыйламақ
«Бәйтерек» ұлттық бас­қару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев елімізде ипотеканың жаңа түрі іске қосылуы мүмкін екенін айтты.
«Зейнетақы жинағының тұр­ғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарлама­сының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныс өтел­мейді деген болжам бар. Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай тө­мен­деуі ықтимал. Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақ­сатын­да халық үшін екінші дең­гейлі банктердің нарықтық ипо­текасы бойынша сыйақы мөл­шерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады», – деді ол Үкімет отырысында.
үміт Оның атап өтуінше, Қазақ­стан Қаржыгерлер қауымдас­тығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылады: бастапқы жарна 20 пайыздан басталады, несие беру мерзімі 20 жылға дейін болады, қарыздың ең жо­ғарғы сомасы 35 млн теңгеге дейін жетеді, сондай-ақ төлем қабілеттілігін міндетті түрде растауды қажет етеді.
«Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ы субсидияланады. Екінші дең­гей­лі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастап­қы тұрғын үйіне және «Қазақстан тұрғын үй» компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады. Осы бағдар­ламаны іске қосу үшін заңнама­лық өзгерістер қажет емес. Қазір бюджеттік өтінім Қаржы ми­нистр­лігінің қарауында жатыр. Бюджет мақұлданғаннан кейін қазақстандық тұрғын үй ком­паниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын», – деді Қанат Шалапаев.

Азат ҚАЗАҚ