Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бурабайдағы Оқжетпес шыңына шыққаны туралы Instagram парақшасында видео жариялады. Видеода тауға өрмелеп бара жатқан министрмен бірге бір топ адамның шың басына ілесе шыққанын көруге болады. Абаевтың айтуынша, шыңға шығу үшін табандылық керек.
«Эверестке шыққандай әсер алдым. Спортпен міндетті түрде айналысу керек», – дейді Дәурен Абаев.
Бұған дейін министр Дәурен Абаев белтемірге тартылып, көпшілікті таңғалдырған еді.