Қазақстанда бір тәулікте 360 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоааралық комиссия хабарлады. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтанда – 59, Алматыда – 199, Шымкентте – 29, Ақмола облысында – 4, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 17, Атырау облысында – 10, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Жамбыл облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 15, Қостанай облысында – 2, Қызылорда облысында – 2, Павлодар облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында – 1. Осылайша, елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 307 877-ге жетті.