Астана есімді жираф 12 жасқа толды
Астана есімді жираф 12 жасқа толды
©zakon.kz
434
оқылды
Шымкентте Астана есімді жираф бар. Астана осыдан тура 12 жыл бұрын, 2010 жылы 6 шілдеде Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген. Ал 2011 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент зообағына көшірілді. "Астана биыл 12 жасқа толды. Ол жыл сайынғы дәстүр бойынша баршаны туған күніне шақырды. Сол күні хайуанаттар бағында мерекелік жиын өтуде", –  деп жазды хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram парақшасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Шымкентский зоопарк (@shymkentzoo)

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік жиын сәтті өтті және келушілерге тамаша көңіл күй сыйлады.