Премьер-Министр Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді, – деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты. Кеңес барысында мұнай экспорты шектелуінің салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайтуға қатысты шаралар талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.