Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды

Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды

Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолында күрделі жөндеуден кейін көпір ашылды. Сондай-ақ, 6 шілде, Астана күнінде кезекте тұрғандарға, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілттері беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды

Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік нысандар мен 100-ге жуық аула және қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы аяқталуда, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Көпір апатты деп танылған. Көпірдің бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді, атап айтқанда жол өтпесінің авариялық бөлігін бөлшектеу. Жоба бойынша 140 метр көпір салынды. Сонымен қатар, көпірдің екі жағынан 700 метрден асфальт төселді. Сондай - ақ, металл эстакаданың жүру бөлігі жөнделді", - дейді геодезия саласының маманы Алинұр Әбілмажан.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.