Елордада «Керуен» сауда орталығының маңында әуе шары адамдармен бірге құлады
Елордада «Керуен» сауда орталығының маңында әуе шары адамдармен бірге құлады
731
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«6 шілде күні «Керуен» ойын-сауық орталығы маңында қатты желдің салдарынан әуе шарын жел алып кетті. Әуе шары шұғыл жиналды», – деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиғаға байланысты 112 қызметіне зардап шегушілер туралы ешқандай ақпарат келіп түспеген. Айта кетсек, қалалық ТЖД 6 шілде күні күн райының қолайсыз болатынын хабарлаған болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды абай болуға шақырады.