Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 300 миллион теңгеге жуық табыс тапты

Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 300 миллион теңгеге жуық табыс тапты
Фото: ktf.kz

Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина  қомақты сыйақыға да қол жеткізді, – деп жазады Vesti.kz

23 жастағы Рыбакина Үлкен дулыға санатындағы турнирдің жартылай финалына бірінші рет шықты. Кеше отандасымыз Айла Томляновичтен айласын асырған болатын. Осылайша, Рыбакина 535 фунт (298 миллион теңге) шамасында сыйақыға қол жеткізді.

Енді қазақстандық теннисші румын қызы Симона Халепті жеңіп, финалға шықса сыйақысын екі есе, 1 миллион 50 фунтқа (585 миллион теңге) дейін көбейте алады. Ал чемпион бір миллион фунт (бір миллиард теңгеден көп) сыйақыға ие болады.

Айта кетейік, Рыбакина мен Халеп арасындағы жартылай финал бүгін, 7 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.