Ұлытау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Ұлытау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
© inbusiness.kz
1,439
оқылды
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 шілде күні сағат 17.00-де Қарағанды-Жезқазған тас жолында Шет ауданы Ақой ауылынан бес шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағандыдан келе жатқан Mercedes-Benz көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, 48 жастағы ер адам басқарған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де, олардың бірінің 54 жастағы әйелі де көз жұмды. Chevrolet Cobalt жүргізушісінің 44 жастағы әйелі мен олардың 18 және 7 жастағы балалары медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.