ХВҚ басшысы: 2022 жыл қиын болады, бірақ 2023 жыл одан да қиын болады
ХВҚ басшысы: 2022 жыл қиын болады, бірақ 2023 жыл одан да қиын болады
Фото: EPA/Vostock-photo
6,587
оқылды
Әлемдік экономиканың құлдырауына инфляцияның таралуы, Қытайдың экономикалық өсу қарқынының баяулауы және Ресейге қарсы санкциялар себеп болуы мүмкін. Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева осылай деп есептейді, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Біздің соңғы жаңартуымыздан кейін болжам айтарлықтай нашарлады. 2022 жыл қиын болады, бірақ 2023 жыл қиынырақ болуы мүмкін. 2023 жылы рецессия қаупі артады», – деді ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Жаһандық экономикалық проблемалардың қатарында Кристалина Георгиева инфляцияның таралуын, Қытай экономикасының өсуінің баяулауын және Ресейге қарсы санкцияларды атады. Георгиева атап өткендей, алдағы апталарда ХВҚ биыл үшінші рет биылғы жылдың әлемдік экономикасының өсу болжамын төмендетеді. Нақты санды қор мамандары әлі нақтылаған жоқ. Сәуірде ХВҚ өз болжамын 4,4 пайыздан (қаңтардағы болжам) 3,6 пайызға дейін төмендеткен. 2022 және 2023 жылдарға арналған жаңа болжамдар шілденің екінші жартысында күтілуде. Өткен жылы әлемдік экономика 6,1 пайызға өсті.