Қытайдан 363 отандасымыз қайтуға ниет білдірді - Жандарбек Бекшин
Қытайдан 363 отандасымыз қайтуға ниет білдірді - Жандарбек Бекшин
© inform.kz
190
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қытайдан тағы 363 отандасымыздың қайтуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлемде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу үшін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері кіреді. Екіншіден, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, ҚХР арқылы өтетін барлық пунктте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Тепловизорлар орнатылып, бақылау мониторингі жүргізілуде.