Мәжіліс депутаты мәселенің оң шешімін табуына ықпал етпек
Мәжіліс депутаты мәселенің оң шешімін табуына ықпал етпек
511
оқылды
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Атырауда  қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға назар аударды. Азаматтар негізінен әлеуметтік салаға, соның ішінде баспанаға кезекке тұруға және қол жеткізуге, жұмыс берушілердің заңсыздығына, жалақыға қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, қабылдауға қоғам белсенділері де келіп облыс орталығындағы демалыс алаңдарына қатысты ахуалдан хабардар етті. Айтуларынша, кейбір аумақтардағы қауіпсіздік жағдайлары сын көтермейді. Ал шағын кәсіп иелері мұнай өнімдеріне қатысты маңызды сұрақтарды алға тартып, өз ойларын ортаға салды. Мәжіліс депутаты барлық тақырыптар бойынша өзінің ұсыныстарын айтып, әрбір сұрақтың заң деңгейінде оң шешімін табуына ықпал ететінін жеткізді.