Теңіз кен орнында қаза тапқан екі жұмысшының несиесі толықтай төленеді
Теңіз кен орнында қаза тапқан екі жұмысшының несиесі толықтай төленеді
452
оқылды
Теңіз кенішіндегі жарылыстан қайтыс болған екі жұмысшының несиесі жабылады. Бұл туралы «Сенімді құрылыс» компаниясының өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова мәлімдеді.
"Қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасын ұйымдастыруға 500 000 теңге көлемінде материалдық көмек бөлінді. Барлық қажет материалдық қолдау қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады. Қайтыс болғандардың несиесі болса, оны толықтай қайтарамыз. Балаларының білім алуына және дамуына барлық жағдай жасалады",–«Сенімді құрылыс» кәсіпорнының өндірістік байланыстар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова.
Гүлмира Батпанованың айтуынша, кен орнында құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу жүйелі түрде жүргізіледі.
– Мұндай қасіретпен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Ол аяқталғанша зауыттағы жұмыс тоқтатылды,– деп хабарлады «Сенімді құрылыс» кәсіпорнының өндірістік байланыстар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова.