Жаңаөзен қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз ойынхана анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Маңғыстау облыстық ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Шаңырақ» шағынауданынан заңсыз ойынхана анықтады. Тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық және қолма-қол ақша табылып, тәркіленді», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.Аталған дерек Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасы АЕК-де тіркелді және жиналған іс-қағаздар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.