Атырауда 17 жастағы баланы тепловоз қағып кетті
Атырауда 17 жастағы баланы тепловоз қағып кетті
364
оқылды
Атырауда жолды қысқартып, теміржолды кесіп өтпек болған 17 жастағы баланы тепловоз қағып кетті. Машинистің айтуынша, теміржол бойында келе жатқан адамды байқаған. Алайда, тежегішті басқанымен, тепловозды тоқтатуға үлгермеген.
«ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.