Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын. Ол финалға жетті!» - деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.