Алматылықтарды сан соқтырып кеткен қос алаяқ ұсталды
Алматылықтарды сан соқтырып кеткен қос алаяқ ұсталды
809
оқылды
Алматылықтарды алдаған қос алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алаяқтық жайында қаланың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей болды. Пәтерді сатып алу кезінде “сатушы” ақшаны алып, із-түссіз кеткен. 55 жастағы К.есімді азамат пен 40 жастағы әйел ипотекада тұрған пәтерлері бар екендігін және қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада арзандатылған бағамен сатылып жатқаны туралы ақпарат таратқан. Әрине, сатып алушылар аз болмады. Алаяқтар пәтерді “сатқаннан” кейін ақшасын алып, байланыссыз кеткен. – Криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта полиция басқармасына 7 жәбірленушінің арызы түскен. Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.инал Қазіргі уақытта қосымша тергеу амалдары жүргізілуде. Ал ұсталған адамдар бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.