ҚХА Қордайдағы оқиғаға байланысты үндеу жасады
ҚХА Қордайдағы оқиғаға байланысты үндеу жасады
Фото: интернеттен алынды
5,158
оқылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы қақтығысқа байланысты үндеу жасады, деп хабарлады Kaztag.kz. «Құрметті кордайлықтар, біздің отандастар! Біз Қордай ауданында орын алған қасіретті оқиғаны терең күйзеліспен қабылдадық. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, елордалық этномәдени бірлестіктер қаза тапқан жандардың отбастарына қайғырып көңіл айтады. Біз Сіздердің орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақпыз. Әрі үй-жайлары мен жеке мүліктерінен айырылған қордайлықтарға сын сағатта берік болыңыздар дей отыра, зардап шеккендердің тез сауығып кетулеріне тілеулестігімізді білдіреміз», - делінген дүйсенбі күні таратылған Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметіндегі хабарда. ҚХА мемлекеттің жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын еске салды. «Осы қатігез оқиғаға жауаптылар, әрине, біздің республикамыздың заңымен қоғам алдында қатаң жауап береді. Тәуелсіздік жолында халқымыз аз қиыншылық көрген жоқ. Бүгін тағы да сын-қатерлерге жауап беруге тура келіп тұр. Қиын уақытта біз шыдамдылық танытып, өз бірлігімізді көрсетіп, жалған арандатушылыққа бой алдырмауымыз керек! Тек бүкіл әлеммен бірге ғана біз тағы бір өмірлік сынақтан өтеміз! Еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті сақтап, оны одан әрі нығайта беретін боламыз! Біздің Қазақстан халқының күші – бірлікте! Қасиетті жеріміздің бейбіт өмірі үшін аянбайық, қымбатты қазақстандықтар!», - делінген хабарда.